2020 жылдың 25 ақпанында С.Көбеев атындағы №56 мектеп оқушылары арасында қыздар жиналысы өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» және «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандары ұйымдастырып, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтарды талқылап, тұжырым жасады.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.