Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласының  денсаулық сақтау  басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекетттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылғы 04 сәуірдегі  № 104 «ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК  және «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК базасында  COVID-19  инфекциясына зертханалық зерттеу жүргізу туралы» бұйрығы негізінде орталықтың диагностикалық зертханасының ПТР (полимераздық тізбектік реакциясы) бөлімі   КВИ  тексеруге бейімдендіріліп, ұйымдастырылды. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты, халыққа зертханалық қызметтер көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін 2 кезеңдік (12 сағаттан) жұмыс ұйымдастырылды, аталған жұмысқа  8 қызметкер тартылды, оның ішінде 3 зертхана маманы, 3 зертханашы, 2 кіші медициналық персоналы. Мамандар проблеманың маңыздылығын түсінікпен қарап, аса жауапкершілікпен  жұмысын атқаруда.

 

Мақала авторы: Алтынбекова А.М. әдістемелік –ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі