Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 Бұл кезеңде ел азаматтары МӘМС Қорына аударымдар мен жарна төлеген-төлемегеніне қарамастан,  жаппай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. Яғни, 1 шілдеге дейін әрбір адамға ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша медициналық қызметтер тегін және толық көлемде көрсетіледі.

Алайда, азаматтар мен жұмыс берушілер ай сайын міндетті төлемдерді төлеуі қажет. Егер адам қандай да бір себептермен медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін төлем жасай алмаса, жеңілдік  кезеңі өткеннен кейін ол сақтандырылмаған болып есептеледі және медициналық қызметтерді тек бір пакетте – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ғана ала алады. Жүйеге әріқарай қатысып, сақтандырылған мәртебесін алу үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, яғни  МӘМС пакеті бойынша пайдаланылған қызметтердің 6 айлық ақысын төлеу қажет.

КІМДЕР МӘМС ЖАРНА ТӨЛЕУДЕН ТОЛЫҚ БОСАТЫЛДЫ ЖӘНЕ ҚАНША УАҚЫТҚА?

     Ірі бизнестің 10 санаты – 1 шілдеге дейін, шағын және орта бизнестің 29 санаты – 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылды. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» ҚР Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 Қаулысына сәйкес кәсіпкерлер аталған кезеңде жалдамалы қызметкерлер үшін  аударымдар жасамайды және осы аралықта оларда берешек болмайды. Ал  кәсіпорындардың қызметкерлерінде  сақтандыру мәртебесі сақталады. Нөлдік ставкамен салықтық есеп тапсырған жағдайда, кәсіп иесіне жарна төлемегені үшін өсімақы мен айыппұл да салынбайды. Ұлттық экономика министрлігінің болжамдық есептері бойынша, 923 мың адам төлемнен босатылды.

       Сондай-ақ, эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне 2020  жылғы 1 наурыздан бастап төленетін үстемақыдан да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарна ұсталмайды.

 

Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы