Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

11.09.2020 жылы «Рахмет, саған, анашым!» атты мүм­кіндігі шектеулі балалар аналарының қоғамдық бірлестігінің мүшелері арасында семинар өтті.

Іс-шараға «Даму» қоғамдық бірлестігінің шақыруымен ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы қатысып, «АИТВ-инфекциясы туралы негізгі түсінік қалыптастыру және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін азаматтарды таңбалау мен  кемсітуді болдырмау»  тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап беріп, ақпараттық танымдық материалдар таратты.

 

Мақала авторы: Н.Жургенбаева.