Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

17.09.2020   МӘМС: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  • Егер адам азаматтық-құқықтық сипаттағы және мезгілдік еңбек шарты бойынша жұмыс істесе?

      АҚС шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға үшін салық агенті немесе қызметке тапсырыс берушішарт сомасының 1%  МӘМС жүйесіне  ұстап қалады.Ұсталатын ақша  2021 жылы  шарт сомасының 2% болады. Егер азаматеңбек шартымен екінші компанияда еңбек етсе, ол үшін  жұмыс беруші медициналық сақтандыру Қорына аударымдар жасаса, онда ол негізгі жұмыс орнынан анықтама алып, АҚСшарт бойныша тіркелген компанияға көрсетуі тиіс.Бұл ретте, аударымдар ұсталған шекті табыс 10 АЕК немесе 425 мың теңгеден аспауы тиіс.

  • Жұмыссыз және табысы жоқ азаматтар не істейді?

 

      Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарын 15 жеңілдік жасалған санатқа бөліп, оның ішінде жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендерді анықтады. Олар ақша төлемейді, бірақ «сақтандырылған» деген мәртебесі бар.

Егер азамат жеңілдік жасалған  санаттардың біріне жататын болса, бірақ жүйеде «сақтандырылмаған» деп шығып тұрса, Азаматтарға арналған үкіметке жүгіну қажет. Жалпы, мәртебе автоматты түрде беріледі.

 

  • Егер азамат жеңілдік жасалған санатқа кірмесе, ЖК ретінде де тіркелмесе не істейді?

 

      Мұндай жағдайда дербес төлеуші ретінде кез келген екінші деңгейлі банк, Касса 24, Qiwi, Халық банк терминалдары, Kaspi мобильдік қосымшасы арқылы 1 ЕТЖ  5%  немесе 2 125 теңге мөлшерінде жарна аудара алады.

 

Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы