Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінің «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбы аясында 18.11.2020 жылы Қалалық ЖИТС орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Қалалық психикалық орталықта «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шара барысында психикалық орталыққа келген халықтың арасында АИТВ-инфекциясы туралы ақпарат таратылып, оның жұғу жолдары, алдын- алу шаралары, емі және тағы да басқа сұрақтар бойынша дәрігер А. Медетова мәлімет берді. Келушілер арасында информациялық – танымдылық материалдар таратылып, қалауынша өз еркімен  (20 адам) АИТВ-инфекциясына жедел тесттен өтті. ЖИТС орталығының психолог маманы Д.Кутмамбетова АИТВ тексерілушілерге тестке дейін және тесттен кейінгі  психоәлеуметтік кеңес жүргізді.

Мақала авторы:  Сенім бекетінің дәрігері А.Медетова