Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласының  Абай және Әл-Фараби аудандарының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген басқармасында  «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарының қатысуымен 1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне» орай «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында семинар өткізілді.Іс-шара Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай барлық қауіпсіздік (әлеуметтік қашықтық, бетперде, санитайзер, залалсыздандыру құралдары) шаралары сақтала отырып өткізілді. Семинар өткізу барысында 22-40 жас аралығындағы қызметкерлер қамтылды. Дәрігер эпидемиолог А.Ертаев  АИТВ-инфекциясының алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәрігер эпидемиолог көмекшісі Рыскулбекова С.Ж  АИТВ-инфекциясының алдын-алу мақсатында ақпараттық, танымдық материалдар таратты.