Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласының «Аль-Фараби» сауда үйінде  «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарының қатысуымен 1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне» орай «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында радио-лекция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай барлық қауіпсіздік (әлеуметтік қашықтық, бетперде, санитайзер, залалсыздандыру құралдары) шаралары сақтала отырып өтті. Радио-лекция  өткізу барысында сауда үйіне келген тұтынушылар мен  қызметкерлер қамтылды. Психолог Д. Құтманбетова , дәрігер эпидемиолог көмекшісі Л.Джанабаева АИТВ-инфекциясының алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының алдын-алу мақсатында ақпараттық, танымдық материалдар таратылды.