Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын - алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы және қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен, Шымкент медицина колледжiнің студенттеріне онлайн семинары барысында мұғалім Н.Жургенбаева, "АИТВ/ЖИТС-тің алдын - алу" тақырыбында баяндамасын жасады. Студенттер іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын-алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін және есірткі мен психоактивті заттарды қолданатын жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтарды талқылап, тұжырым жасады.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.