Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

  2021 жылдың наурыз айында Шымкент қаласы ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасына  Abbot фирмасының демеуімен ALINITY I HIV автомат иммунохемилюсценттік талдағышы іске қосылды.       

      Қазіргі таңда ЖИТС орталығының зертхана мамандары Alinity автомат талдағышы арқылы Шымкент қала тұрғындарына АИТВ-на  қан талдау жүргізуде.

      Соның нәтижесінде реакцияға қойылған қан талдау қорытындысы небәрі 30 минуттың ішінде дайын болады. Апарат сағатына 180 талдау жасайды. Талдаудың қорытындысы сол құрылғыдан бірден медициналық ақпараттық жүйеге жіберіліп шығарылады.

      Alinity-көптеген зертханалық бағыттардың мәселелерін шешуге арналған анализаторлардың алғашқы толық үйлесімді біртұтас жиынтығы. Ол сенімді деректерді ұсынуға, зертхана операторының жұмысын жеңілдетуге және диагноз қоюдағы қателіктерді азайтуға бағытталған. Сондай-ақ пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсартатын нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін, зертхананың тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін және пациенттер мен клиника дәрігерлерін дәл, уақтылы және толық зертханалық ақпаратпен қамтамасыз ететін дербес шешім ұсынады.

Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының маманы Ахмедова Э.С.