Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Өзін –өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыруға бір АЕК көлеміне тең келетін жарна салады. Биыл 1 АЕК – 2917 теңге. Бұл – республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін. Ал басқа елдімекендердегі бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер оның жартысын, яғни 1458,5 теңге төлейді. МӘМС-ке жарна төлейтін басқа санаттағы азаматтардың төлемі сол қалпында сақталған. Арамызда жұмыс істемейтін азаматтар да бар. Бұл азаматтарды дәрігер қабылдайды, емдейді. Алайда ары қарай арнайы мамандандырылған дәрігерлерге жолдама ала алмайды. Өйткені бұл азаматтардың мәліметтері «сақтандырылмаған» деп көрсетіп тұрады. Заң бойынша өткен 12 ай ішіндегі мерзімде қарыздары болмау керек. Дербес төлеуші  (тұрақты табысы жоқ және азаматтардың жеңілдік санаттарының тізіміне енгізілмеген жеке тұлғалар) бір айға 2125 теңге төлеуі қажет, сонда 12 айға 25500 теңге болады. Сондықтан жұмыс істемейтін азаматтар жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыс табу немесе ресми түрде «жұмыссыз» деген мәртебені алу керек болады. Бұл мәртебелер оларға мемлекет есебінен сақтандырылуға және емделу барысында кедергілердің болмауына мүмкіндік береді.

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С. ЖИТС орталығының маманы