Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2021 жылдың 09 маусым айында М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі студент қыздары  арасында «Қыздар арасында ерте жастағы жүктілікті алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Шараның ұйымдастырушылары - Шымкент қаласының ішкі  саясат және жастар істері  жөніндегі басқармасының  «Жастар ресурстық орталығы» және ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары. Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығының мамандары кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында жыныстық қатынастың алдын алу және жоспарсыз жүктілікті болдырмау мақсатында бейнероликтерді көрсетті. Студенттер АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат ала отырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдысына және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуді үйренді.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.