Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жаңалықтар

29.05.2019  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты үш қағидасы


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады.
МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. МӘМС - ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мемлекеттің, жұмыс беруші мен өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың міндетті сақтандыру төлемдерінен құралады. МӘМС-ті жүзеге асыруда өзіндік қағидалар да бар. Олар:

  1. Міндеттілік - Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға тиіс.
  2. Әлеуметтік әділдік - Әрбір сақтандырылған қатысушының төлеген жарна мөлшеріне қарамастан, қызметтің толық мүмкіндігін алу құқығы бар.
  3. Ниеттестік - Денсаулық сақтау саласының ауыр жүгі мемлекет, жұмыс беруші және әр адамның өз мойнында.

 

Дәрігер:Умирзахова М

28.05.2019  ЖИТС-тен балаларды қорғау

28.05.2019 жылы Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК базасында  «ЖИТС-тен балаларды қорғау» ҚҚҚ сенім бекеттерінің (СБ) қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлері арасында семинар өтті.

Семинарға  жоба координаторы Ж.Жазықбаева, сенім бекетінің 5 қызметкері және 12 аутрич-қызметкерлер, сонымен қатар профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ф.Абдиева, эпидемиолог дәрігер М.Исмагулов, СБ дәрігері А.Медетова, СБ мейірбикесі Г.Елемесова қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  1. ҚР ДСМ  2013  жылғы  28 ақпандағы  «Инъекциялық  есірткіні тұтынушыларға арналған  сенім бекеттерінің қызметін ұйымдастыру  жөніндегі  ережені  бекіту»     №115  бұйрығы.
  2. Халықтың осал топтары (ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ) арасында АИТВ-инфекциясын алдын- алу іс-шаралары жөнінде түсіндіру.
  3. Есеп беру құжаттарын толтыру жөнінде түсіндірме жұмыстар.

 

Семинар соңында СБ қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлердің сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

 

СБ дәрігері А.Медетова

21.05.19.ж

Шымкент қаласы №12 қалалық емханасының дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 26.03.2019 жылғы №101 н/қ бұйрығы негізінде  ЖИТС  орталығының мамандары  У.Байдилдаева,С.Сметова   қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізді.

Семинар барысында  ҚР ДСжӘДМ 2015жылғы №508  « Клиникалық және эпидемиологиялық  көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті, құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының  дәрігерлердің  және орта буынды медицина қызметкерлердің  АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог

 20.05.2019   Шымкент қаласы  №8 қалалық емхана ұжымына МӘМС бойынша мәлімет берілді.

         Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. ЖИТС  орталығының мамандары У.Байдилдаева, С.Сметова  №8 қалалық емхана ұжымына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  МӘМС бойынша мәлімет берді.

         Кездесу барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) дегеніміз не?, МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді?,  МӘМС ендірудің қажеттілігі неде?, МӘМС енгізудің медициналық қызметкерге берер пайдасы қандай?  және т.б. сұрақтар қарастырылып, МӘМС-тің негізгі артықшылықтарына тоқталды.

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы  

16.05.19.ж

Шымкент қаласы  қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының 26.03.2019 жылғы №101 н/қ бұйрығы негізінде  ЖИТС  орталығының мамандары  У.Байдилдаева,С.Сметова   қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлер және орта буынды медицина қызметкерлерінің арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізді.

Семинар барысында  ҚР ДСжӘДМ 2015жылғы №508  « Клиникалық және эпидемиологиялық  көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті, құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының  дәрігерлердің  және орта буынды медицина қызметкерлердің  АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог

17.05.2019 Шымкент қаласында «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!»

атты науқан өтті.

 

2019 жылдың 17 мамыр күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!»  атты науқан өтті.

Шараның ұйымдастырушысы – ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы». Науқан барысында Қастеев колледжінің студенттері  арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу  мәселелері туралы білім деңгейін көтеру мақсатында тапсырмалық квест ойындары өткізілді. Жастар ресурстық орталығының мамандары шығармашылық көрініс дайындап, белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.  Жастар «ЭкСПИДияция» жобасына қатысып, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсінік қалыптастырды.

Мақала авторы;Ф.Абдиева, Н.Жургенбаева

 

 

 

12.05.2019  Пресс-релиз.

АИТВ инфекциясының таралуы жаһандық сипатқа ие болды және әлемнің көптеген елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына  қауіп төндірді. АИТВ/ ЖИТС-тің таралу  қарқыны  әлі де тоқтамай келеді.

Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күні: ЖИТС-тың таралуын тоқтату, қоғамды  АИТВ/ЖИТС-ті жұқтырған адамдардың проблемаларына назарларын аударту және АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алу жұмыстарын күшейту жолымен өткізіледі.

Алғаш рет ЖИТС  құрбандарын еске алу күні 1983 жылы Американың Сан-Франциско қаласында атап өтілді. Бірнеше жылдан кейін осы ауруға қарсы қозғалыстың символы пайда болды.  ЖИТС-тен құрбан болған көптеген адамдарды еске алу үшін  киімге тағылатын  қызыл лента, сондай-ақ  маталардың кесінділерінен тігілген түрлі-түсті киімдер болды. Бұл төлсипаттарды суретші Франк Мур 1991 жылы ойлап тапты. Қазіргі уақытта  Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күнінде осы іс-шараның белсенділері, ЖИТС-тен құрбан болғандарға  бей-жай қарамайтын адамдар киім-кешектеріне қызыл ленталар тағады.

Эпидемия басталғалы бері 77, 3 миллион адам АИТВ-ны жұқтырған. Және аталмыш жылдан бастап ЖИТС-пен ілеспелі аурулардан 35  миллион адам қайтыс болды.

 Статистикаға сәйкес, планетада 42 миллионнан астам адам жұқпалы АИТВ-мен өмір сүреді. Олардың ішінде 21,7 миллион адам антиретровирустық терапия алады.

Қазіргі уақытта ағзадан вирусты толығымен жоятын дәрілік заттар жоқ. Сондықтан АИТВ/ ЖИТС-тен науқасты толық емдеу мүмкін емес. Бірақ адамның өмірінің сапасын жақсартатын, ұзартатын препараттар бар. АИТВ инфекциясының таралуын шектеудің  негізгі механизмі инфекцияның алдын алу болып табылады. Әр адам АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, қалай тексерілетінін және  жұқтырудан қалай қорғану керектігін білуі қажет.

2019 жылғы кампания «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!» ұранымен өткізіледі. Шымкент қаласы да Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне белсенді қатысады. Науқан шеңберінде халық арасында, әсіресе жас ұрпақ арасында АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру іс-шаралары өткізілетін болады.

Еске алу күніне арналған көптеген іс-шараларды өткізуге "Жастар ресурстық орталығы" және "Сәлем" әлеуметтік қалашығы, Шымкент қаласының отбасы, балалар мен жастар істері басқармасы қосылады.

 

                                                           12.05.2019    Пресс-релиз.

Распространение ВИЧ-инфекции приобрело глобальный характер и представляет реальную угрозу социально-экономическому развитию большинства стран мира. Переломить ход развития ВИЧ/СПИДа ещё не удалось.

Ежегодно в третье воскресенье мая проводится Всемирный день памяти, умерших от СПИДа, с целью привлечения внимания мировой общественности к проблемам людей, столкнувшихся с заболеванием ВИЧ/СПИД, а также предотвращения новых случаев заражения и снижения темпов распространения ВИЧ/СПИДа, усиления профилактической работы для повышения уровня знаний по данному заболеванию.

Впервые Всемирный день памяти жертв СПИДа отметили в американском Сан-Франциско в 1983 году. Через несколько лет появился символ движения против этой болезни. Им стала красная ленточка, приколотая к одежде, а также разноцветные полотна — квилты, сшитые из лоскутков ткани в память о множестве людей, ушедших из жизни. Эти атрибуты придумал в 1991 году художник Фрэнк Мур. В настоящее время во Всемирный день памяти, умерших от СПИДа активисты этой акции и просто неравнодушные люди прикрепляют к своей одежде красные ленточки.

С начала эпидемии ВИЧ заразились - 77,3  миллиона человек.

Более 35 миллионов человек умерли от сопутствующих СПИДу болезней.

Согласно статистике на планете живет более 42 миллионов человек инфицированных ВИЧ.

21,7 миллион людей, живущих с ВИЧ получают антиретровирусную терапию.

В настоящее время нет препаратов, способных удалить вирус из организма, поэтому нет возможности полного излечения больного ВИЧ/СПИДом, но есть препараты, позволяющие снизить количество вируса в крови настолько, чтобы человек стал менее опасным в плане распространения инфекции и сохранил качество жизни. Основным механизмом сдерживания распространения ВИЧ-инфекции  является профилактика инфицирования. Необходимо, чтобы каждый человек знал, как можно заразиться ВИЧ, где и как можно провериться, и как  обезопасить себя от заражения инфекцией.

Только каждый человек самостоятельно может сохранить свое здоровье, контролируя свое поведение. Знания о ВИЧ/СПИДе смогут защитить человека от инфицирования, сохранить здоровье каждого в частности и нации в целом.

Кампания 2019 года проводится под девизом: «Помним, чтобы жить!» Центр по профилактике и борьбе со СПИД г.Шымкент также активно участвует в мероприятиях, посвященных Всемирному Дню памяти умерших от СПИДа.             В рамках кампании будут проведены информационно-образовательные мероприятия по вопросам профилактики ВИЧ среди населения, особенно среди молодого поколения.

К проведению многих мероприятий, посвященных                     Дню памяти, присоединились «Молодежный ресурсный центр» и социальный городок «Салем», Управление по делам семьи, детей и молодежи города Шымкент