Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

📢 23.02.2024 ж. «Мирас» колледжінің студенттеріне дәріс өтті.
🏫 Жастар ресурстық орталығы КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📖 Іс-шараның мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру.
👩🏻‍💼Іс-шараға Жастар ресурстық орталығы КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Әлім Арайлым және «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Назира Жургенбаева және «Мирас» колледжінің студенттері қатысты.
📊 Дәріс барысында АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы жайлы ақпарат берілді. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау тақырыптары төңірегінде пікір алмасып, жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

https://cloud.mail.ru/stock/cmLW9bai9mXUc9uQGdRwYLgw

 

📢 22.02.2024 ж. «Сәлем» әлеуметтік қалашығында жастарға квест өтті.
🏫 «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәлем» әлеуметтік қалашығында «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің» студенттеріне семинар және квест ұйымдастырылды.
👩🏻‍💼 Кездесу барысында «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Жүргенбаева Назира жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу және алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластату жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📖 Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.
Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті.

 

📢22.02.2024 ж. № 9 қалалық емхана медицина қызметкерлері арасында дәріс өтті.
🏫2024 жылдың 22-ақпанында Шымкент қаласының № 9 қалалық емхана медицина қызметкерлері арасында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді.
Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024ж. №39 – н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қалалық ЖИТС орталығының мамандарымен АИТВ инфекциясын алдын – алу, АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары талаптары және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Мақала авторы: эпидемиолог дәрігерлері Ф. Абдиева, Ұ.Байдилдаева.

Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын    орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова,  №13 қалалық емханада медициналық қызметкерлердің арасында  семинар өткізді,  іс-шара барысында  АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде баяндама жасап, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», кемсіту, қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова

16.02.2024 ж. «АИТВ-инфекциясын алдын алу»  тақырыбында дәріс өтті.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында Энергетика және байланыс колледжінің жастарына кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты; АИТВ- инфекцияны алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кездесуде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің маманы Жургенбаева Назира қатысып, кәмелетке толмаған жастар арасында, АИТВ- инфекцияны алдын алу мәселелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0

📢20.02.2024 ж. № 12 қалалық емхана медицина қызметкерлері арасында дәріс өтті.

🏫2024 жылдың 20-ақпанында Шымкент қаласының № 12 қалалық емхана медицина қызметкерлері арасында дәріс ұйымдастырылып, өткізілді.

Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024ж. №39 – н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қалалық ЖИТС орталығының  мамандарымен АИТВ инфекциясын алдын – алу, АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары талаптары және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мақала авторы: эпидемиолог дәрігерлері Ф. Абдиева,  Ұ.Байдилдаева