Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жаңалықтар

  16.10.2018ж Түркістан қалалық  мәдениет үйінде  колледж студенттері, мектеп оқушылары арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» және «Жастар нашақорлыққа қарсымыз!» атты  акция ұйымдастырылды.

     ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының  дәрігер инфекционисті Хасанова Г.Ж, мәдениет үйінің директоры Шәмет Л.Т  қатысуымен колледж студенттері, мектеп оушылары  арасында  «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» «Жастар нашақорлыққа қарсымыз!» атты  акция  өткізілді.  Акция барысында АИТВ/ЖИТС-ң берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ – мен өмір сүретін адамдарды кемсету және шеттетудің алын алу  бойынша баяндама оқылды, жастар жаман әдеттен бойларын алшақ ұстауға, салауатты өмір салтын ұстануға талпындырылды,  ақпараттық кітапшалар таратылды. Тыңдармандар арасынан  сұрақтар қойылып, жауап берілді. Акцияға 150 адам қатысты.

Мақала авторы:  дәрігер инфекционист Г.Ж.Хасанова

  16.10.2018ж Түркістан қалалық мәдениет үйінде  Молда Мұса  атындағы  жалпы орта мектеп оқушыларының арасында  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары бойынша акция ұйымдастырылды.

       ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық, Молда Мұса атындағы жалпы орта мектептің оқушылар арасында  акция  ұйымдастырды. Акция барысында АИТВ/ЖИТС-ң берілу жолдары, алдын алу шаралары  бойынша баяндама оқылды, жастар салауатты өмір салтын ұстануға талпындырылды, оқушылар тарапынан  сұрақтар қойылып, жауап берілді. Акцияға 100 адам қатысып, ақпараттық кітапшалар таратылды.

Мақала авторы:  Л. Ганиева психолог