Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

15.11.2021ж. 1 - желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орай «Индустриалды-техникалық колледжінде» науқан өтті.
2021 жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласы «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы»-ның ұйымдастыруымен Индустриалды-техникалық колледжінің қызметкерлері арасында семинар және науқан өтті. Индустриалды-техникалық колледжінде «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» ұранымен өткізілген науқан барысында халықты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері азаматтарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.
Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.

#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone

15.11.2021 жылы Шымкент қаласы ДСБ-ң «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ң ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйыдардың, атап айтқанда «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» ҚҚҚ, «Ай-ана» ҚБ, «Заң талабы» ҚБ қызметкеркерлері, сонымен қатар «Жұмыспен қамту орталығының» аутрич-қызметкерлері арасында «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбымен семинар өткізілді. Семинар барысында АИТВ/ЖИТС туралы мәліметтер беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.
#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone

15.11.2021 жылы 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай Шымкент қаласы ДСБ-ң «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-да «Заң талабы» ҚБ-і  «Стигма и дискриминация людей, живущих с ВИЧ» атты тренинг өткізді. Тренингке Орталықтың мамандары, сонымен қатар халықтың «негізгі» тобымен жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдарға қарасты сенім бекеттерінің қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында «Заң талабының» заңгері мен психолог маманы түсіндірме жұмыс атқарып, қатысушылар арасында әр түрлі ойындар жүргізді. Тренинг соңында қатысушылар сұрақтар қойып, тиісінше жауаптарын алды. #УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone