Бiз туралы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Жаңалықтар

-
2019 жылғы 21 қараша күні Шымкент қаласының ДСБ-ң «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мамандарымен «Айна» базары аумағында орналасқан «Көктем» автобекетінің жолаушылары мен жүргізушілері және базарға келушілер арасында Дүниежүзі
-
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай науқан өткізілді.
-
21.11.2019 Шымкент қаласы ЖИТС орталығында «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» өтеді
-
21-22 қарашада Өзбекстанда Қазақстан медицина күндері өтуде
Жаңалықтар
Шымкент қаласы ЖИТС орталығында «Ашық есік» күні өткізілді.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне және ЖИТС (СПИД) қызметіне – 30 жыл толуына орай, 12 маусым күні ЖИТС орталығында «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты: тұрғындардың АИТВ статусын анықтау, АИТВ (ВИЧ)-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары жайында түсінік беру. Аталмыш күні инфекционист, психолог, гинеколог, дерматовенеролог мамандары кеңес берді. Адамдар АИТВ-ны анықтау үшін жедел тестілеуден өтіп, 15 минут ішінде өздерінің АИТВ статусын анықтай алды. Анализ анонимді түрде тегін қабылданды. Жедел тестілеуге - 36 адам, ИФА-ға - 67 адам қан тапсыды, 50 шақты адам дәрігерлерден кеңес алды.
Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы.