Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

     Шымкент қаласы ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-да ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 11 тамыздағы ҚР ДСМ-96/2020 «Денсаулық сақтау обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес семинар өткізілді. 

      Аталмыш бұйрыққа сәйкес, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату (утилизация) бойынша қадағалауды күшейту қажеттілігі  туралы және ҚР ДСМ-нің 02.12.2022 жылғы медициалық көмек көрсетуіне байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарап, санитарлық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, аурухана ішінде инфекцияларды болдырмау мақсатында мекемені дизинфекциялау, қол жуу ережесін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді. 

 

Автор: Шымкент қ.ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Байдилдаева У.С.                   

                     

12.07.2023     АИТВ–ның анадан балаға жұғуы

       АИТВ (адамның иммун тапшылық вирусы) –  иммундық жүйені зақымдап, ағзаны әр түрлі инфекциядан қорғау мүмкіншілігін жояды.

       Өзіңді және өз балаңды АИТВ – дан қалай қорғауға болады?  Әрине, ол үшін АИТВ –ның берілу жолдарын білген дұрыс. АИТВ-ның берілу жолдары:

  1. Кездейсоқ адаммен жыныстық қарым - қатынасқа түскен жағдайда;
  2. АИТВ – жұқпаланған анадан балаға жүктілік кезінде, босанғанда немесе емізгенде;
  3. Вирустың бірден қанға түсуі (бір реттік шприцті қолданбаған жағдайда).

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес барлық жүкті әйелдерге АИТВ – тестісі екі рет жүргізіледі. Бірінші ретті тестілеу жүктілік бойынша  біріншілік есепке алынған кезде, ал екінші ретті тестілеу жүктіліктің 28-30 аптасында жүргізіледі. АИТВ-ға  жасалатын қайталмалы анализ өте маңызды. Бірінші рет жүргізілген зерттеуден кейін ауру анықталмауы мүмкін. Себебі антиденелердің анықталу мезгілі жұғу уақытынан  3 айға дейін жүреді. Бүгінде жүкті әйелдердің жұбайларын да АИТВ-ға тексеруден өткіздіреді.

        АИТВ – инфекциясының анадан  балаға берілуін алдын алудың (әрі қарай АББА)  негізгі әдістері бар. Атап айтқанда  жүктілік кезінде, босанғанда және бала туылғаннан кейін  антивирусты препараттар қолдану, жоспарланған кесар тілігін жүргізу, жүктілік кезінде  және босанған аналарға ұсыныс беру яғни баланы еміздірмей жасанды тамақтандыру, балаға  антиретровирусты (әрі қарай АРВ) препараттарын 6 ай үзбей беру, анасы  жүйелі түрде арнайы кесте бойынша АРВ препараттарын ішу. Ана мен  баланы қорғау қызметтерінің амбулаторлы – емханалық мекемелерінде жүкті әйелдерге тест алдында  АИТВ–инфекциясы туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Тесттен кейінгі түсіндіру жұмысы тесттің нәтижелерін түсіндіруімен жүргізіледі. Егер тесттің нәтижесі теріс болса, онда әйелдерге АИТВ –инфекциясын алдын алу шаралары туралы еске салынады және АИТВ-ға тестілеуді қайталап өткізу үшін күнін анықтайды. Босану мен баланы емізу АИТВ – инфекциясы берілудің қауіпті жолдарының бірі болғандықтан, міндетті түрде қолданылатын шаралар – бұл кесар тілігі және баланы емізуден бас тарту. Шымкент қаласы ЖИТС орталығында 590 туу жасындағы әйелдер тізімде тұрады. Олар жоғарыда көрсетілген дәрігерлердің нұсқауларын ұстану арқылы дүниеге дені сау бала әкелген. АББА –ның барлық этаптарын қатаң қадағалап, ана мен баланы қорғау қызметі мен ЖИТС орталығының бірлесуімен жоюға болады.

                                                                                Шымкент қаласы  ЖИТС орталығының

                                                                                Б.Д.Майсарова  гинеколог маманы

                                     

 

11.07.2023 ж .     АИТВ  ЖӘНЕ ТУБЕРКУЛЕЗ

     Туберкулез диагнозы анықталып, қойылғаннан кейін «Мен қалай ауырдым? Неге мен? Мүмкін олар диагнозбен қателескен шығар ... Әрі қарай не болады? Осымен бәрі бітті ме? Мен өлемін бе?..» деген сияқты сұрақтар туындайды. Сонымен бірге сенімсіздік пайда болады және мұндай жағдайға тап болғанда, адамдар кез-келген жерден ақпарат жинай бастайды. Әрбір үшінші сөзі ғана түсінікті ғылыми мақалаларды оқып, бір кездері ауырған таныстары бар адамдардан кеңес ала бастайды. Алайда, дұрыс жеткізілмеген және күмәнді ақпарат әлдеқайда көп зиян тигізетінін есте сақтаңыз!

      Иә, сіздің өміріңізде бірқатар  сынақтар болады. Туберкулез тұмау секілді иммунитет күшімен уақыт өте өздігінен жазылмайды. Керісінші емін кештеткен сайын микобактериялар көбейіп, денеге жайыла түседі. Орныққан жеріндегі тіндерді кеулеп жеп, орны қайта толмастай опырып тастайды. Туберкулез микобактерияларын тек қана арнайы дәрі дәрмектер ғана өлтіре алады. Емі неғұрлым ерте басталған сайын ол із-түссіз, орны да қалмай жойылып кетеді. Туберкулез ауа тамшысы арқылы жұғатынын есіңізде ұстаңыз, жақындарыңызды жұғудан сақтаңыз!

       АИТВ анықталған науқастар, өкпе туберкулезін дер кезінде анықтау мақсатында жыл сайын флюорографиялық тексерістен өтуі тиіс. АИТВ жұқпасына шалдыққан жандар  туберкулез белгілері жайлы толық хабардар болулары керек және сол белгілер пайда болған жағдайда, денсаулықты тексерту мақсатында, емханаға тез арада қаралулары қажет. Туберкулездің ең алғашқы басты белгілері: жөтелдің  2 аптадан астам уақытқа созылуы,  қатты шаршау,  әлсіздік ,  тәбеттің  төмендеуі, дене салмағының азаюы, кеуде қуысының ауыруы, түнгі  уақыттағы терлеу, дене қызуының  көтерілуі. Өкінішке орай, науқастардың көпшілігі алғашқы байқалған белгілерге аса көңіл бөлмей, ауруды  асқындырып алады. Жоғарыда аталған белгілерді байқап жатсаңыз, дәрігерге жүгінгеніңіз жөн.

      Туберкулезді  және АИТВ-ны емдеу елімізде ТЕГІН!

 

13.03.2023 жылы Ұжым арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы семинар өткізілді Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күні республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас-жемқорлыққа – «corruptio» (параға сатып алу, пара ретінде)  деген латын сөзін алып, анықтама  беруге болады. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік бергенде, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу». Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеу­мет­тік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық ел­дер­дің қай-қайсысын да қатты алаң­дататыны анық. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алу. Қазіргі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау орган­дарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес.     Бүгінде мемлекет бас­шысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конс­титуциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.  Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен сал­дарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия - Елбасының сыбайлас жем­қорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Елбасы биыл да «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушық­пауы үшін оны тоқтатудың халық­аралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. ЖИТС орталығында сыбайлас жемқорлық туралы 56-27-70  сенім телефонына қоңырау шалса болады. ЖИТС орталығының жауапты маман заң кеңесшісі Жумекеева А.Б.