жаналықтар каз

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасындағы АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беру, өз еркімен тесттен өткізу шарасы өтті. Мақсаты – Жастар арсында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Шараға Қоғамдық денсаулық сақтау институтының маманы Айжан Молдабаева, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева және Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында денсаулық сақтау және ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы адам ағзасында қауіпті және қауіпсіз биологиялық сұйықтықтың жұғу жолдары және АИВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.
2022 жылдың 20 қазан күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығы, Қалалық ЖИТС орталығының және Психикалық денсаулық орталығының мамандары «Индустриалды-техникалық колледж» студенттеріне семинар мен науқан ұйымдастырды. Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті. Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді. ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары тегін қызмет көрсетті. Яғни, әрбір келуші аты-жөнін жасырын сақтап, АИТВ инфекциясына экспресс тестілеуден өтті. Мамандар 15-20 минут аралығында талдама иесіне қорытындысын хабарлап отырды. Мақала авторы: Н.Жургенбаева
2022 жылдың 21 қазан күні Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетті студенттерінің қатысуымен Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Іс шараның мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салты туралы мағлұмат беру. Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді. Мақала авторы: Н.Жургенбаева
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында Орталық Азия Инновациялық Университеті студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Сембаев Нұрлан, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог психиатр дәрігері Қарлығаш Қорғанбаева, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрбаев Ерлан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы ҚР 2 дүркін чемпионы Бексұлтан Альжанов қатысты. Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Ал спортшы чемпиондар жастарды спортпен айналысуға шақырды. Жастар тарапынан сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты. Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді. Мақала авторы: Н.Жургенбаева
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог психиатр дәрігері, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі спорт мектебінің жаттықтырушысы, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы қатысты. Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Ал спортшы чемпиондар жастарды спортпен айналысуға шақырды. Жастар тарапынан сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты. Мақала авторы: Н.Жургенбаева