жаналықтар каз

Темір жол» және Әуежайда ашық есік күні өткізілді.

 

Шымкент  бөлімшелік көліктегі санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Шымкент қалалық  ЖИТС орталығының  мамандарымен бірлесіп,  темір жол  вокзалы мен әуежайда «Ашық есік» күні іс шарасы өткізілді. Іс шара барысында  АИТВ және КОВИД 19 инфекцияларына келушілер ерікті түрде жедел-тест қою арқылы тексерілді.

Сонымен бірге халық арасында ақпараттық танымдық материалдар таратылып, тексерушілерге тестке дейінгі және кейінгі кеңес берілді.

Мақала авторы: эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева,  Л.Джанабаева