жаналықтар каз

 
📌  15 мамырда, яғни мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Биылғы жылғы ЮНЭЙДС ұраны: «Біздің жадымызда! Біз әрекет етеміз! Біз АИТВ індетінен көппіз!».
🔹 Кездесудің мақсаты: АИТВ/ЖИТС туралы толыққанды ақпараттандыру.  АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алу жолдарын түсіндіру.
🔸 Түсіндірме жұмыстары барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ - инфекциясын алдын алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыруға бағытталған ақпараттар берілді. Оқушылар тарапынан көптеген сауалдар қойылып, өзара еркін пікір алмасты.