жаналықтар каз

31.03.22ж. Медициналық сақтандыру қоры

      Әр азамат халыққа қызмет көрсету орталығы немесе е.gov сайтынан жеке кабинет арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қанша жарна аударылғандығы жайлы, қай емханада тіркеліп тұрғандығы  туралы мәлімет алады. Egov.kz сілтемесі арқылы порталға кіргеннен кейін ЖСН енгізесіз. Содан кейін төмендегі статустың бірін таңдайсыз: «Жұмыс істейді», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа толмаған балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген» және «Мәртебесі анықталмағандар». Егер: жұмыссыз болсаңыз, ХҚКО, Жұмыспен қамту орталығына тіркелуіңіз керек. Егер Сіз экономиканың биресми саласында еңбек етсеңіз, онда жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде ақша аударасыз немесе Бірыңғай жиынтық төлем төлеуіңіз қажет.

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы

 2022 жылдың 30-наурызында Шымкент қаласының ЖШС «Қамқор» медициналық ұйымына қарасты  «Жастар денсаулық орталығы»   медицина қызметкерлері  арасында семинар  ұйымдастырылып, өткізілді.

Шымкент қалалық ДСБ  «ЖИТС-тің  алдын – алу және онымен күресу орталығы»  МКҚК  мамандарымен  АИТВ,  ЖЖЖА  инфекцияларын алдын - алу және ҚР ДСМ 26.01.2022ж. № 6 бұйрығының  талаптары  бойынша  16-29 жас аралығындағы жастар арасында  АИТВ инфекциясына  жедел тест қою туралы  «Жастар денсаулық орталығы»  медицина  қызметкерлеріне түсіндіріліп,  құжаттардың  толтырылу  тәртібі айтылды.

Мақала авторы: эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева.