Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2021 жылдың 17 қарашасында Шымкент қаласы «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы»-ның ұйымдастыруымен «Silkway Халықаралық университетінде» студенттер арасында дәріс және науқан өтті. «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» ұранымен өткізілген науқан барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ  жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында түсіндірме жұмыстары  ұйымдастырылды. Науқан  аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері азаматтарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді. Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.

Мақала авторы: Н.Жургенбаева.

#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone

 

https://youtu.be/O6DC6yat5IM