Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ЖИТС орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға: орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Қ.Н. Маширов,  эпидемиология бөлім меңгерушісі Е.Ж.  Есиркепов, емдеу алдын алу жұмыстарымен  диспансеризациялау бөлімінің дәрігер-инфекционисі Б.С.Бақтыбаева және  БАҚ өкілдері қатысты. Қ.Н. Маширов  алғы сөзінде жиынның өтілу мақсатын түсіндірді. Дәрігерлер баяндама оқыды, тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында қонақтарға  тест және пікір білдіру парақшалары тарқатылды. Келген қонақтарға АИТВ – инфекциясына жедел тестілеу әдісімен тексеру жүргізілді.

Автор: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы