Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталық «Жабық» сауда орталығының сатушылары және халық арасында «Әр бірін түсіну!» ұраны бойынша науқан өтті. Науқан барысында халықты салауатты өмір салтын ұстануға,АИТВ –инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері азаматтарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп тестіге дейін және тесттен кейін кеңес берді және АИТВ-ның алдын алу мақсатында парақшалар таратты.

#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог