Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталықтың мамандары және №1 қалалық  емханасының  мамандарымен бірлесе отырып халық арасында «АИТВ: Әр бірін түсіну!» ұраны бойынша науқан өтті. Науқан барысында халықты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ –инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері азаматтарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп тестіге дейін және тесттен кейін кеңес берді және АИТВ-ның алдын алу мақсатында парақшалар таратты.
Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог