Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 Шымкент қаласы ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталықтың маманы Ұ.Байдилдаева және орталықтың қызметкерлерінің ұйымдастыруымен орталықта қызмет алып жатқан аналарға (COVID-19)  және  (ЖИТС-тің алдын-алу ) тақырыбы бойынша семинар өтті.

Семинар барысында халықты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ –инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды және де COVID-19 инфекциялық ауруы бойынша қысқаша түсіндіру жұмыстарын жүргізумен бірге осы аурудың алдын алу үшін вакцинация алудың тиімділігіне тоқтап өтті.

Семинар барысында АИТВ-ның алдын алу мақсатында парақшалар таратты.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог