Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2021 жылдың 07 желтоқсанында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС-тың және нашақорлықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары өтті. Кездесуге: «ЖИТС – тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» маманы Назира Жургенбаева қатысты.
Іс-шара барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ  жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында «Шымкент жоғары педагогикалық колледжі» студенттері арасында жүргізілді.
Іс-шарада оқушылар мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып тиісті жауаптарын алды.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.