Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК ұжымы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті. Іс-шара барысында: отыз жыл ішінде еліміздің ЖИТС-ті диагностикалау, емдеу және профилактикасындағы жетістіктері жайында бейнеролик көрсетіліп, баяндама оқылды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, орталықтың мамандары сіңірген еңбектері үшін марапатталды. Эпидемиолог дәрігер  Байділдаева Ұ.С. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Халық алғысы»  медалімен наградталды. Орталықтың Кәсіподақ ұйымының төрайымы  Абдрашова Г.Ш. Шымкент қаласының әкімінен «Алғыс хатпен»,  Ақпараттық және АИТВ індетін компьютерлік бақылау бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Жумашев К.О., бас есепшінің міндетін атқарушы Усенбаев Е. Ж., эпидемиолог көмекшісі Джанабаева Л.М. Шымкент қаласы ДСБ – ның  «Құрмет грамотасымен»  марапатталды.

 
Автор: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы