Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Кеңес алушымен кеңес берушінің арасындағы құпия диалог. АИТВ жөнінде толық ақпарат беріп,психологиялық қолдау көрсету.

Кеңес берудің негізгі мақсаттары:

- АИТВ/ЖИТС туралы мәлімет беру

- Қауіпсіз мінез – құлық дағдыларын үйрету

- АИТВ жұқпасының таралуының алдын алу

- АИТВ жұқпасымен ауыратын адамдарға психологиялық қолдау көрсету.

Психо – әлеуметтік кеңес кімдерге арналған?

- Індетті жұқтырдым деп қауіптенген адамдарға

- АИТВ жұқпасы жайлы толық білгісі келген әрбір адамға

- Түрлі себептермен тексерілуге келген адамдарға

- Тестілеуден өткен адамдарға

- Жұқпамен зақымдалған туысқандары бар адамдарға.

Кеңес берушінің міндеті:

- Клиенттің АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша білім деңгейін анықтау

- Клиенттің барлық сұрақтарына толық жауап беру

- АИТВ жұқпасын жұқтырған адамға уақытылы психологиялық қолдау көрсету

- Басқа адамға жұқтырмау жолын үйрету.

Кеңес беру түрлері:

- Тестке дейінгі кеңес беру

- Тесттен кейінгі кеңес беру

 

 

АИТВ/ЖИТС жөнінде психоәлеуметтік кеңес қалай жүргізіледі?

- Кеңес беру құпия диалог екені ескертіледі

- Өткен және осы кездегі өмірінде АИТВ жұқпасын жұқтыру қауіпін анықтау

- Серіктесінің немесе өзінің жыныстық қатынасқа тұрақтылығын,сақтану шараларын қолдануын,бейберкет жыныстық қатынастардың болуын анықтау

- Татуаж,персинг,есірткі тұтынадыма осы сияқты жағдайларды анықтау

- Қан құю,ота немесе трансплантация жасату болуын анықтау

- Тест тапсыру процедурасымен таныстыру

- Тестілеу клиенттің келісімімен ғана ерікті түрде жүргізілетінін және өз шешімін саналы түрде қабылдауға құқылы екендігін айтылады

- Клиенттің сұрақтарына жауап беріліп,білім деңгейі толықтырылады

- Қажетті ақпараттары бар әдебиетпен қамтамасыз етіледі.

 

 

ЖИТС орталығы профилактикалық жұмыстары бөлімінің психологы Д.Кутмамбетова