2022 жылы 24 қаңтар күні ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы №78 жалпы орта мектеп оқушыларына АИТВ/ЖИТС, нашақорлық туралы ақпаратты бере отырып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тыңдаушылар интерактивті сауалнама сұрақтарына жауап беріп, бейнероликтерді тамашалады. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалып, жастардың ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.