Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2022 жылдың 03 ақпан күні Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК-ның маманы Н.Жүргенбаева қатысуымен №24 IT мектеп-лицей оқушылары үшін «АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өтті.
Күн тәртібінде қаралды:
•    АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай
•    АИТВ, ЖИТС туралы түсінік
•    АИТВ-ны алдын-алу жолдары
•    Анти Ретровирусты терапияның мақсаты
•    АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау
Дәріс барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары  ұйымдастырылды.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.