Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

8 ақпан күні Шымкент қаласының политехникалық колледжінде  3 курс студенттері арасында «Қауіпсіздік жолы» интерактивті ойынының элементтерімен «АИТВ-инфекциясы. АИТВ-позитивті адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс өтті.

      Іс-шара барысында Шымкент қаласының  денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК маманы Моисеева Марина Геннадьевна АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы мәлімет берді. Өнегелік, құлықтылық нормаларды ұстанудың  маңыздылығына тоқталды, тыңдаушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, интерактивті ойын өткізді, бейнероликтер көрсетті.

      Соңында студенттер АИТВ-инфекциясының таралуы және оның алдын алу мәселесін шешуге қатысты өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.

Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының статистик дәрігері Моисеева М. Г.