📌 Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығы Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында тренинг өткізілді.
🔰 Іс-шараға «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Назира Жүргенбаева және Қазыбек би атындағы N36 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары қатысты.
♦️ Тренинг барысынд ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы өз баяндамасында жастарға АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, қаладағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары жөнінде ақпараттар беріп өтті. Сондай ақ, шағын топтармен жұмыс жасап, талдау сұрақтары арқылы АИТВ/ЖИТС жөнінде білім деңгейлері тексеріліп, әр түрлі ойындар арқылы жастарға бұл індеттен аулақ болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.