Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ҚДИАҒО) Қазақстан Республикасында ЖИТС-бен, туберкулезбен және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың C19RM_2021 бағдарламасы бойынша 2022 жылы Шымкент қаласында ЕЖЕ арасында АИТВ-ның алдын алу қызметтерін үздіксіздігіне бағытталған іс-шараларды жузеге асыру үшін әлеуетті қызмет көрсетуші бір үкіметтік емес ұйымды тандау бойынша қайталама конкурс өткізу туралы хабарлайды. Конкурсқа қызығушылық танытқан әлеуетті қатысушылар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 60, 2-қабат, 200 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан ҚДИАҒО жанындағы Жаһандық Қор жобасын іске асыру тобының кеңсесінен 8 (727) 3527515 телефон арқылы және Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық пошта арқылы қосымша ақпарат, тендерлік құжаттаманы және техникалық тапсырманы ала алады. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2021 жылы 02 наурыз, сағат 13.00 дейін.