Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

       ДССҰ-ның Халықты жаппай денсаулық сақтау қызметтерімен қамту жөніндегі қағидаты талаптарына сай тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) пакетінің жаңа үлгісін ұсынамыз.

      Тегін медициналық көмектің жаңа нұсқасы әрбір адамға шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларда көмек көрсетуге, жалпы қоғам үшін маңызы бар ауруларды бақылауда ұстауға негізделген.

Барша азаматтарға

  1. Жедел жәрдем және санитарлық авиация.
  2. Бастапқы медициналық – санитарлық көмек.
  3. Шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын және стационарлық көмек.
  4. Паллиативті көмек.

Әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде

  1. Консультативті диагностикалық қызмет.
  2. Амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
  3. Жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек.
  4. Туберкулезге шалдыққанды медициналық оңалту.

 

Мақаланың авторы:  Ахмедова Э.С. ЖИТС орталығының маманы