Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

📌 Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығы Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді.

🔰 Кездесуге «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Назира Жүргенбаева және Қазыбек би атындағы N38 мектеп гиманзиясының оқушылары қатысты.

♦️Іс-шара барысынд ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы өз баяндамасында жастарға АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, және қаладағы індеттік ахуалы, жұқтыру жолдары, алдын алу шаралары жөнінде ақпараттар беріп өтті. Сондай ақ, шағын топтармен жұмыс жасап, талдау сұрақтары арқылы АИТВ/ЖИТС жөнінде білім деңгейлері тексеріліп, әр түрлі ойындар арқылы жастарға бұл індеттен аулақ болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.