Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығы Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында дәріс өткізілді.
🔰 Дәріске «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Назира Жүргенбаева және N46 мектеп оқушылары қатысты.
♦️ Дәріс ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы өз баяндамасында жастарға АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, және қаладағы індеттік ахуалы, жұқтыру жолдары, алдын алу шаралары жөнінде ақпараттар беріп өтті. Сондай ақ, шағын топтармен жұмыс жасап, талдау сұрақтары арқылы АИТВ/ЖИТС жөнінде білім деңгейлері тексеріліп, әр түрлі ойындар арқылы жастарға бұл індеттен аулақ болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.