Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

🗓 01.03.2022 жылы Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС-тың және нашақорлықтың алдын алу» бағытында сала мамандарымен кездесу өтті.

🔷 Аталған іс-шараның мақсаты:
- Нашақорлықтың алдын алу;
- АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ -ға тексеруден өту.

🔰  Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Руслан Аитов, Шымкент қаласы орталықтандырылыған көпшілік кітапханалар жүйесі КММ-нің №7 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы Ажар Айтбаева және "Жол-көлік" колледжінің студенттері қатысты.

📌 Шара аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері жас кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында айтты. Сондай-ақ жастар мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып тиісті жауаптарын алды
Мақала авторы:Н.Жургенбаева.