Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2022 жылы 02 наурыз күні ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы №119 мектеп оқушылары үшін «АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Күн тәртібінде қаралды:
•    АИТВ инфекциясының әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы
•    АИТВ инфекциясы мен ЖИТС туралы түсінік
•    АИТВ инфекцияның алдын-алу жолдары
•    Анти Ретровирусты терапияның мақсаты
•    АИТВ – мен өмір сүретің немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдардың әлеуметтік қорғауы.
Дәріс барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары  ұйымдастырылды.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.