Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шардара қаласы «М.Ауезов» жалпы орта мектебінде

«Өзіңді АИТВ/ЖИТС жұқпасынан қорға!» атты акция өткізілді

 

Дүниежүзілік ЖИТС-на қарсы күрес кампаниясы аясында «Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК Жетісай қ. №1 бөлімшесі, «М.Ауезов» жалпы орта мектебімен бірлесіп, «Өзіңді АИТВ/ЖИТС жұқпасынан қорға!» атты акция өткізді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты: АИТВ мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу бойынша ақпарттық деңгейін арттыру.Салауатты өмір салтын,жеке бас гигиенасын дұрыс ұстану

Акция өткізу құрамында «Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК Жетісай қ. №1 бөлімшесінің эпидемиолог дәрігері И.Т.Жаксылыков, психолог маманы Ш.О.Дукенова, мектеп директоры Е.Акбердиев.

Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, Жетісай қ.№1 бөлімшесінің эпид.дәрігері И.Т.Жаксылыков – АИТВ/ЖИТС және қызыл лента тарихы туралы ақпарат берді. «М.Ауезов» жалпы орта мектеп ұжымы іс-шараға белсенді қатысты.

Акция барысында «Снежный ком», «Өмір сүру құқығы» видеороликтер көрсетілді.

Акцияға- 130 оқушылары қатысты.

 

Автор: Облыстық СПИД-орталығы,Жетісай қ.№1бөлімшесінің эпидемиолог дәрігері Б.Ф.Серикбаева.