Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Отырар» колледжінде жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.

Аталмыш кездесуге ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының клиникалық психолог маманы Асем Лесбаевна, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан Шавкатович, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, МСМК, Азия және әлем чемпионы Қатбаев Ғалымжан Бақытұлы, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, 13 жасынан спортпен айналысады.Самбодан спорт шебері, МСМК қоян-қолтық ұрыста 2013жылы орын, 2016жылы 2 әлем чемпионаты Киев 1орын иегері Ахмет Қымбат Елеусізқызы. ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева қатысты.

Кездесу барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берілді.