Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

31.03.22ж. Медициналық сақтандыру қоры

      Әр азамат халыққа қызмет көрсету орталығы немесе е.gov сайтынан жеке кабинет арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қанша жарна аударылғандығы жайлы, қай емханада тіркеліп тұрғандығы  туралы мәлімет алады. Egov.kz сілтемесі арқылы порталға кіргеннен кейін ЖСН енгізесіз. Содан кейін төмендегі статустың бірін таңдайсыз: «Жұмыс істейді», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа толмаған балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген» және «Мәртебесі анықталмағандар». Егер: жұмыссыз болсаңыз, ХҚКО, Жұмыспен қамту орталығына тіркелуіңіз керек. Егер Сіз экономиканың биресми саласында еңбек етсеңіз, онда жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде ақша аударасыз немесе Бірыңғай жиынтық төлем төлеуіңіз қажет.

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы