Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.
Аталмыш кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Манабаева Балжан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спорт шебері 1-ден жоғары санатты жаттықтырушы Нұрбаев Ерлан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Убайдулаев Нұртілек, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира және «Авимед» көпсалалы колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар арасында нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұматтар беріліп, жаман әдеттерден аулық болып жақсы істермен айналысуға шақырды.
Мақала авторы; Н.Жургенбаева
Бiз туралы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Қызметтер
Жаңалықтар
-
Шымкент қаласындағы Отырар колледжі студенттеріне дәріс өтті.
-
Шымкент қаласындағы №91 жалпы орта білім беретін мектебінде дәріс өтті.
-
Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс
-
«Ренессанс-Шымкент» және «Ренессанс Premium» реабилитациялық орталығында семинар және АИТВ-инфекциясына экспресс тестілеу өтті.