Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің  ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.

Аталмыш кездесуге ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-нарколог маманы Садыкова Майра, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан. Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Садыков Бахтияр, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Азия чемпиондары Сейітжаббаров Берік пен Сұлтанбекова Мадина және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира қатысты.
Кездесу Әлеуметтік-педагогикалық колледжінде өтті.
Кездесу барысында қатысушылар арасында нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды ақпараттар беріліп, жаман әдеттерден аулық болып жақсы істермен айналысуға шақырды. Сонымен қатар спорт мектебінің спортшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстанып спортпен айналысуға шақырды.