Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

            Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (әрі қарай -МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдағанда 50-ден астам елдің тәжірибесі қаралды және ескерілді. Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап енгізді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңбері (әрі қарай - ТМКК) барлық Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, ҚР тұрғылықты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін көрсетіледі. ТМКК әрбір адамға шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларда көмек көрсетуге, жалпы қоғам үшін маңызы бар ауруларды бақылауда ұстауға негізделген. ТМККК пакетінің жаңа үлгісі:

Барша азаматтарға

1.Жедел жәрдем және санитарлық авиация.

2.Бастапқы медициналық – санитарлық көмек.

3.Шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын және стационарлық көмек.

4.Паллиативті көмек.

Әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде

1.Консультативті  диагностикалық қызмет.

2.Амбулаторлық  деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

  1. Жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек.

4.Туберкулезге шалдыққанды медициналық оңалту.

Сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС пакеті келесідей болмақ:

1.Консультативтік – диагностикалық көмек:

  • Ересектерді профилактикалық тексеруден өткізу;
  • Балаларды мамандырылған деңгейде тексеру;
  • Бағасы қымбат зертханалық қызметтер: гормондар, дәрумендер, онкомаркерлер, антиденелер, ПЦР;
  • Бағасы қымбат диагностикалық қызметтер: КТ, МРТ т.б.

2.ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

3.ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.

4.ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша жоспарлы стационарлық көмек көрсету.

5.Балалар мен ересектерді : кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология, ортопедия салалары бойынша медициналық оңалту.    

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы