Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

📌 Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің  ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.

🔹️ Кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу.

Аталмыш кездесуге Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан, Шымкент қаласының Олимпиада резервін даярлау орталығы директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Ертай Айнұр, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-нарколог Қорғанбаева Қарлығаш, Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі  Манабаева