Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 2022 жылдың 19-20 сәуірінде Алматы қаласы «Қазақстан» қонақ үйінде Республикалық психикалық денсаулық сақтау ғылыми – практикалық орталығы мен  ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық Қорының ұйымдастыруымен ЖИТС орталығы және психикалық денсаулық орталығының баспасөз хатшылары үшін «Опиоидты агонисттерді қолдау терапия» бағдарламасы бойынша тренинг өтті. Екі күнге созылған тренингтің мақсаты: осы салада қолданылатын дұрыс лексиканы пайдалану,  БАҚ-пен өзара әрекеттесу мәселелері және т. б. туралы  хабардарлықты арттыру.  Іс-шараға Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  баспасөз хатшысы Ахмедова Эльмира қатысты. Тренинг барысында қатысушылар  тәжірибе алмасты,  стигма және дискриминация жайында мәлімет алды, білімдерін шыңдады.

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы