Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

АИТВ инфекциясының таралуы жаһандық сипатқа ие болды және әлемнің көптеген елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына  қауіп төндірді. АИТВ және ЖИТС-тің таралу  қарқыны  әлі де тоқтамай келеді.

Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күні: ЖИТС-тің таралуын тоқтату, қоғамды  АИТВ және ЖИТС-ті жұқтырған адамдардың проблемаларына назарларын аударту және АИТВ және ЖИТС-тің алдын-алу жұмыстарын күшейту жолымен өткізіледі.

Алғаш рет ЖИТС  құрбандарын еске алу күні 1983 жылы Американың Сан-Франциско қаласында атап өтілді. Бірнеше жылдан кейін осы ауруға қарсы қозғалыстың символы пайда болды.  ЖИТС-тен құрбан болған көптеген адамдарды еске алу үшін  киімге тағылатын  қызыл лента, сондай-ақ  маталардың кесінділерінен тігілген түрлі-түсті киімдер болды. Бұл төлсипаттарды суретші Франк Мур 1991 жылы ойлап тапты. Қазіргі уақытта  Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күнінде осы іс-шараның белсенділері, ЖИТС-тен құрбан болғандарға  бей-жай қарамайтын адамдар киім-кешектеріне қызыл ленталар тағады.

Шымкент қаласы бойынша 2022 жылдың 1 мамырына дейін АИТВ жұқтырғандар саны 2433 адамды құрайды, олардың ішінде 1486 адам антиретровирустық терапияны қабылдайды.

Қазіргі уақытта ағзадан вирусты толығымен жоятын дәрілік заттар жоқ. Сондықтан, АИТВ және ЖИТС-тен науқасты толық емдеу мүмкін емес. Бірақ адамның өмірінің сапасын жақсартатын, ұзартатын препараттар бар. АИТВ инфекциясының таралуын шектеудің  негізгі механизмі инфекцияның алдын алу болып табылады. Әр адам АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, қалай тексерілетінін және  жұқтырудан қалай қорғану керектігін білуі қажет.

2022 жылғы кампания «Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ індеті санынан көппіз!» ұранымен өткізіледі. Шымкент қаласы да Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне белсенді қатысады. Науқан шеңберінде халық арасында, әсіресе жас ұрпақ арасында АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру іс-шаралары өткізілетін болады.