Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ЖИТС орталығында Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күніне қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара  Облыстық физио-пульмунологиялық орталығының, Психикалық  денсаулық орталығының, Қан орталығының, Шымкент қаласының санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  мамандарының қатысуымен өткізілді.

       Аталмыш шараның мақсаты: ЖИТС-тің таралуын тоқтату, қоғамды АИТВ және ЖИТС –ті жұқтырған адамдардың проблемаларына назарларын аударту. Кездесу  барысында ЖИТС оратығының мамандары: Қ.Н. Маширов, Ф.Т.Абдиева, Р.К.Даулеткулова «АИТВ және ЖИТС» жайында,  Шымкент қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Слайдтар көрсетілді,  қатысқандар  тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., Шымкент қ. ЖИТС орталығының маманы